Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
Импорт қосылған құн салығын төлеуден босатылады:
-ұлттық жəне шетел валютасы банкноттары мен монеталарын (мəдени-тарихи құндылықты білдіретін банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздарды;
-Ұлттық Банктің ақша белгілерін шығару үшін əкелінетін шикізаттың мақсаты туралы растамасы болған кезде Ұлттық Банк жəне оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерін шығаруға арналған шикізатты;
-ЕАЭО-ның кеден заңнамасына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес бекітілген, тауарларды бажсыз əкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарларды;
-Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық жəне оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық жəне əкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшін əкелінген жəне Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сəйкес қосылған құн салығынан босатылатын тауарларды импорттау қосылған құн салығынан босатылады.
Қосылған құн салығынан босату мақсатында дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің немесе консулдық мекемелердің тауарды əкелгені туралы растамасы ұсынылады;
-салық төлеуден босатуды көздейтін кедендік рəсіммен орналастырыла отырып, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес кедендік декларациялауға жататын тауарларды;
-ғарыш қызметіне қатысушылар əкелетін, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғарыш объектілерінің, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдығын импорттау қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ғарыш қызметі саласындағы уəкілетті органның осындай ғарыш объектілері мен жабдықтың ғарыш қызметінің мақсаттары үшін əкелінгенін растауы негізінде қолданылады.