«Keden» Ұлттық интеграцияланған платформасының (НИП) ақпараттық жүйесі

«Keden» Ұлттық интеграцияланған платформасының (НИП) ақпараттық жүйесі

«Keden» Ұлттық интеграцияланған платформасының (НИП) ақпараттық жүйесі — Қазақстан Республикасында кедендік декларациялау және бақылау процестерін автоматтандыру мақсатында пайдаланылатын кедендік ақпараттық жүйе.

Ағымдағы жылы «Keden» Ұлттық интеграцияланған платформасының ақпараттық жүйесінде «Тауарларға арналған декларациялар» атты жаңартылған модуль іске қосылады.

Осыған байланысты, 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды тұлғаларына, кеден өкілдеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға аталған модульді тәжірибелік пайдалану мәселелері бойынша оқыту жұмыстарын жүргізуде.

«Keden» Ұлттық интеграцияланған платформасының ақпараттық жүйесі мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бағытында жүргізіп жатқан жұмысының бір бөлігі болып табылады.

«Keden» Ұлттық интеграцияланған платформасын енгізу кедендік рәсімдеу уақытын қысқартуға, құжат айналымын азайтуға, сондай-ақ кедендік рәсімдердің өту ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.