8 наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын

8 наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын
Құрметті ханымдар!
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы сіздерді көктемнің тамаша мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!
Барлық үміт-армандарыңыз орындалсын, әр күніңіз бақытты күлкімен нұрланып тұрсын, ал көктемгі гүлдердің хош иісімен бірге өмірлеріңізге қуаныш пен береке келсін.
Сіздерге зор денсаулық, махаббат және жақындарыңыздың қолдауын тілейміз. Өзара түсіністік, татулық, тыныштық пен қуаныш әрдайым сіздермен бірге болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ханымдар!