Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 16 пайызды құрайды жəне салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт мөлшеріне қолданылады.
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 5 пайызды, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 10 пайызды құрайды жəне:
-осы Кодекстің 474-бабының 28) тармақшасында жəне осы Кодекстің 479-бабының 1-тармағының 17) тармақшасында көзделген тауарларды қоспағанда, дəрілік заттарды;
-Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сəйкес медициналық бұйымдарды, жиынтықтауыш медициналық бұйымдарды, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды өткізу бойынша салық салынатын айналымның жəне импорттың мөлшеріне қолданылады.
Дəрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;
-медициналық қызметке арналған лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес медициналық, оның ішінде кешенді түрде көрсетілетін қызметтерді өткізуі бойынша салық салынатын айналымның мөлшеріне қолданылады.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 474-бабының 28) тармақшасында көзделген медициналық көрсетілетін қызметтер бойынша қолданылмайды.