Астанада 160 мыңнан астам кәсіпкер жаңа салық режимін таңдады. Бұл туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша арнаулы салық режимдеріне көшу қорытындыларын жариялау барысында хабарлады.
2026 жылғы 1 наурызға дейін салық төлеушілер өздеріне қолайлы салық салу режимін таңдауы қажет. Хабарлама берілмеген жағдайда кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.
Сонымен қатар, елордадағы 29 131 тұрғын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимінде тіркелген.
Ведомство еске салады: егер салық төлеуші белгіленген мерзімде хабарлама тапсырмаса, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне көшіріледі.
Департамент кәсіпкерлерді салық режимін таңдауды кейінге қалдырмай, рәсімді 1 наурызға дейін аяқтауға шақырады.