Астанада жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін кеңес беруге бағытталған «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда.
Акция өткізу мерзімі: 2026 жылғы 5 қаңтардан 30 маусымға дейін.
27 ақпанда бухгалтерлердің кеңестері келесі мекенжайларда өткізіледі:
Алматы, Сарайшық аудандары бойынша МКДБ – Астана қ., Жұбанов көшесі, 16;
Нұра ауданы бойынша МКДБ – Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 33;
Сарыарқа ауданы бойынша МКДБ - Астана қ М.Әуезов 34 көшесі;
Байқоңыр ауданы бойынша МКДБ - Астана қ Айманов көшесі 6
Елордадағы басқа мемлекеттік кірістер басқармаларында кеңестерді мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жүргізеді.
Кеңес беру кестесі:
2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында — аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін;
2026 жылдың наурыз айынан бастап — аптасына екі рет (Сейсенбі, Бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.