
Қалай қолайлы салық режимін таңдауға болады? Кәсіпкерлер үшін қандай салықтық жеңілдіктер қарастырылған? Осы және өзге де сұрақтарға кәсіпкерлер Астана қаласында өтіп жатқан «Халық бухгалтері» науқаны аясында жауап ала алады.
Бұл туралы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Аталған науқан жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне салық және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша тегін консультативтік көмек көрсетуге бағытталған.
2026 жылдың қаңтар айында басталған жоба аясында мемлекеттік кірістер органдарының мамандары мен кәсіби бухгалтерлердің консультациясын елорда тұрғындарының үш мыңнан астамы алды.
Науқан кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға және салық салу мәселелерін уақтылы түсінуге көмектеседі.
Өткізу мерзімі:
2026 жылғы 5 қаңтардан 30 маусымға дейін.
Консультациялар кестесі:
Қаңтар–ақпан айларында: аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін.
Наурыз айынан бастап: аптасына екі рет.
Консультациялар өткізу мекенжайлары ведомствоның Instagram @astana_mkd_dgd_astana ресми парақшасында орналастырылған.