Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдардың құқықтары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдардың құқықтары
Адам осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасының негізінде жүгінген кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамның жүгіну негізділігі анықталған жағдайда жолданым келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде мемлекеттік органның не басқа ұйымның басшысына осы Заңның 24-2 және 24-3-баптарында белгіленген тәртіппен осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелерді қайтадан қарау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Хабарламада мыналар қамтылуға тиіс:
-хабарлама жіберілетін мемлекеттік орган не ұйым басшысының тегі мен аты-жөні;
-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
-сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың қысқаша фабуласы;
-мемлекеттік орган не ұйым басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адаммен, егер бұрын осы адам мен уәкілетті мемлекеттік орган арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасалған болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу міндеті туралы, сондай-ақ мұндай келісім жасалған жағдайда адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсетуі туралы ақпаратты жария еткені үшін жауаптылығы туралы ескерту.
Бұл ретте мемлекеттік органның не ұйымның басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамның жолданымы келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде келісу комиссиясының немесе алқалы органның отырысын өткізуге және қаралатын мәселе бойынша шешім қабылдауға міндетті.