Активтер мен міндеттемелер туралы декларация

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны:
-«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына жəне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес осындай декларацияны ұсыну міндеті жүктелген адамдар;
-Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде меншік (талап) құқығында мынадай мүлкі:
-құқықтары жəне (немесе) мəмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі;
-шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы;
-инвестициялық алтыны;
-Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;
-тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері;
-эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
-шетелдік брокерлік шоттарда ақшасы;
-Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
-басқа тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде осы Кодекстің 423-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) жəне (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);
-осы Кодекстің 423-бабының 3-тармағында көрсетілген өзге де мүлкі болған жағдайда Қазақстан Республикасының кəмелетке толған азаматтары, резиденттері ұсынады.