Фискалдық деректер операторларының серверіне деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан деректерді беру хаттамасы, 2.0.3 нұсқасы

Фискалдық деректер операторларының серверіне деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан деректерді беру хаттамасы, 2.0.3 нұсқасы

Құрметті салық төлеушілер!

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2025 жылғы 20 маусымнан бастап 2.0.3 нұсқасының деректерді беру хаттамасы қолданысқа енгізілгенін хабарлайды.

Бақылау-кассалық машиналардың (БКМ) барлық пайдаланушылары 2.0.3 нұсқасының хаттамасы бойынша жұмысқа көшуді қамтамасыз етуі қажет.

2.0.3 нұсқалы хаттамада БКМ-нің Ұлттық тауар каталогына (бұдан әрі – ҰТК) автоматты қосылуын және БКМ нақты орналасқан жерін анықтайтын ФДО жағындағы геолокацияны анықтау қызметі қарастырылған.

БКМ үшін деректерді бекіту және беру функциясы бар электрондық құрылғылар түрінде ("темір кассалар" деп аталады) қайта бағдарламалау техникалық қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі керек.

2.0.3 нұсқасының хаттамасымен жұмыс істейтін фискалдық деректер операторларының тізбесі: "Қазақтелеком" АҚ, "Транстелеком" АҚ, "Кар-Тел" ЖШС, "Kaspi Bank" АҚ, "IT ANALYTICS" ЖШС, "ЖШС Бухта.kz", "Smartcontract" ЖШС, "Kcell" АҚ ("ЖШСJusan Mobile"), "Beeline" ЖШС ("Кар-Тел"), "Вайпойнт"ЖШС.

Ауысу мерзімі, 2026 жылдың 1 наурызына дейін аяқталуы керек.

Салық төлеушілерден 2.0.3 нұсқасының хаттамасына уақтылы көшуді қамтамасыз етуді және барлық қажетті техникалық жұмыстарды белгіленген мерзімде орындауды сұраймыз.