Заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің құнының өсуінен түсетін табыс болып мыналар табылады:
-өткізу кезінде - өткізу бағасы (құны) мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма;
-қатысу үлесін жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде - жарғылық капиталға салым ретінде берілген, бірақ төлем шотына осындай үлес берілген сомадан аспайтын құн мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бойынша құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. Бұл ретте ол жарғылық капиталға салым ретінде берілген қатысу үлесінің құны осындай қатысу үлесінің қабылданғанын жəне берілгенін растайтын құжат негізінде айқындалады.