кәсіпкерлерге арналған көшпелі консультациялар: қатесіз салық режимі

кәсіпкерлерге арналған көшпелі консультациялар: қатесіз салық режимі

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіруге бағытталған кәсіпкерлерге арналған көшпелі консультациялар сериясын жалғастыруда.

Консультациялар кәсіпкерлерді салық режимін дұрыс таңдау және қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны дұрыс ұсыну жөніндегі қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бұл шаралар бизнеске салық салудағы қателіктерді болдырмауға және салық міндеттемелерін уақтылы орындауға көмектесуге бағытталған.

2026 жылдың басынан бері Департамент қызметкерлері елорданың «Mega», «Keruen», «Sauran» сауда үйі, «Еуразия», «Аспан базар» және басқа да ірі сауда орталықтарында кәсіпкерлермен 100-ден астам кездесу өткізді. Кездесулер барысында мамандар арнайы салық режимін қолдану шарттары мен хабарламаларды беру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіруде.

Астана қаласы бойынша МКД қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны беру мерзімі 2026 жылғы 28 ақпанда аяқталатынын еске салады.

«Хабарламаны уақтылы ұсыну және салық режимін дұрыс таңдау — бизнестің табысты жұмыс істеуінің маңызды қадамы», — деп атап өтті Департамент өкілдері.