Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Евразия» сауда үйінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, бұл жұмыстардың мақсаты — Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру.
Іс-шара барысында кәсіпкерлер мен азаматтарға арнайы салық режимдерін қолдану жөніндегі жаңа ережелер туралы толық ақпарат беріліп, сондай-ақ, салық режимі туралы хабарламаларды уақтылы беру қажеттілігі туралы ескертілді.