Есептілікті тапсырудың соңғы мерзімі – аяқталуына 3 күн қалды

Есептілікті тапсырудың соңғы мерзімі – аяқталуына 3 күн қалды

Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға есептілікті тапсыру мерзімінің аяқталуына 3 күн қалғанын хабарлайды. 15 ақпан демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты, есептілікті тапсырудың соңғы мерзімі 16 ақпанға ауыстырылады.

Көрсетілген күнге дейін төмендегі нысандар бойынша есептілік тапсыру міндеті туындайды:

-101.03-нысан — Төлем көзінен резиденттің табысынан ұсталған КТС бойынша есеп (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)

-200.00-нысан — Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)

-300.00-нысан — Қосылған құн салығы бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)

-400.00, 421.00-нысандар — Акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер үшін есеп (2025 жылғы желтоқсан үшін)

-701.01-нысан — Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)

-710.00-нысан — Ойын бизнесі салығы бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)

-860.00-нысан — Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)

-870.00-нысан — Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)

-880.00-нысан — Цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)

-910.00-нысан — Шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларация (2025 жылдың 2-жартыжылдығы үшін)

-913.00-нысан — Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)

Сонымен қатар, 20 ақпаннан кешіктірмей келесі нысандар ұсынылуы тиіс:

-328.00-нысан — Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш

-851.00-нысан — Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдердің ағымдағы сомаларының есебі

Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі — 2026 жылғы 25 ақпаннан кешіктірмей.