
Жұмыс берушінің жеке тұлға кірісі болып табылмайтын шығыстарына мыналар жатады:
-жұмыскерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарларға байланысты болатын жағдайларда, оларға ұжымдық, еңбек шарттарында жəне (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген нормалар шегіндегі өтемақы төлемдері;
-егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шығыстарды растайтын құжаттар, оның ішінде электронды нысандағы құжаттар негізінде іссапарлар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
-бронь жəне багаж үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, іссапарға баратын жерге жетуге жəне кері қайтуға арналған шығыстар. Осы тармақшада көзделген шығыстарға бір елді мекен шегінде жол жүру бойынша шығыстар жатпайды;
-бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, іссапарда болған уақыт ішінде жұмыскердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде тұруға арналған шығыстары. Мұндай шығыстар, оның ішінде іссапарға жіберілген жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін тұруға арналған шығыстарын да (іссапарға жіберілген жұмыскер стационарлық емделуде болған жағдайлардан басқа) қамтиды;
-салық төлеуші келуге жəне кетуге рұқсаттар (визалар) ресімдеген кезде жүргізген шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны).
Қазақстан Республикасының шегіндегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған əрбір күнтізбелік күн үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тəуліктік өтемақылар;
-Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған əрбір күнтізбелік күн үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тəуліктік өтемақылар.