Арнаулы салық режимі негізіндегі оңайлатылған декларация: 2026 жылы кімдер қолдана алады

Арнаулы салық режимі негізіндегі оңайлатылған декларация: 2026 жылы кімдер қолдана алады

Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жаңа Салық кодексі аясында жаңартылған арнаулы салық режимі енгізілгенін хабарлайды. Бұл режим оңайлатылған декларация негізінде (бұдан әрі - АСР негізіндегі ОД) жұмыс істейді.

Режимді қолдану шарттары:

• табыс 600 000 АЕК немесе 2 595 000 000 теңгеден аспайды;

•режимді қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерін жүзеге асырмайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 қарашадағы № 970 Қаулысы);

• әлеуметтік салық және қосылған құн салығы (ҚҚС) төлеушісі болып табыймайды.

Астана қаласы бойынша салық ставкасы 3% құрайды (Мәслихат шешімі

2025 жылғы 28 қараша № 349/46 - VIII).

Режимді қолдануға құқылы емес:

  • басқа заңды тұлғалардың үлесі 25 пайыздан астам болатын заңды тұлғалар (бұдан әрі - ЗТ);
  • құрылтайшысы немесе қатысушысы бір уақытта АСР қолданатын басқа ЗТ құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын ЗТ;
  • құрылтайшысы немесе қатысушысы АСР қолданатын ЗТ;
  • арнаулы салық режимін қолданатын ЗТ құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын салық төлеушілер (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер);
  • коммерциялық емес ұйымдар;
  • арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың, «Астана Хаб» қатысушылары;
  • бірлескен қызмет туралы келісімдер бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер.

Арнаулы салық режимі негізіндегі оңайлатылған декларацияны қолдану үшін салық кезеңі жарты жылды құрайды.