Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2025 жылғы жұмыс қорытындылары қаралған кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша елорданың жергілікті бюджетіне 1 трлн 183 млрд теңге көлемінде салықтық түсімдер қамтамасыз етілді, бұл бекітілген жоспарлы көрсеткіштің 102,9 %-ын құрайды.

2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер көлемі 1,1 есеге, немесе 184,3 млрд теңгеге артты.

Жергілікті бюджет кірістерінің өсуіне келесі салық түрлері бойынша елеулі үлес қосылды:

  • әлеуметтік салық — 58 млрд теңгеге өсті;
  • төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығы — 53,8 млрд теңгеге артты;
  • корпоративтік табыс салығы — 37,4 млрд теңгеге өсті;
  • төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығы — 27,2 млрд теңгеге өсті.

Қол жеткізілген көрсеткіштер салық базасының кеңеюін және елордадағы экономикалық белсенділіктің тұрақты өсуін айғақтайды.

Отырыс қорытындысы бойынша Департамент басшысы Серік Манзоров алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындап, оларды салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, ішкі бизнес-процестерді оңтайландыруға және бюджет кірістері бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуге бағыттады.