Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым

Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым

Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері жатады:

-медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қызметтер көрсетуі, оның ішінде кешенді түрде медициналық қызметтер көрсетуі;

-білім беру саласында:

-білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын қызметтерді көрсету;

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

-білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымы жүзеге асыратын қосымша білім беру;

-ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет (ғылыми зерттеулер жүргізуді, зияткерлік меншік объектілерін пайдалануды, оның ішінде өткізуді қоса алғанда).

Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген кірістерге ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің зерттеу университеттері жанынан ғылыми орталықтар құруға арналған қаржыландыру түріндегі кірістері де жатады;

-спорт саласындағы қызмет;

-мәдениет ұйымдары жүзеге асыратын мәдениет саласындағы қызмет;

-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау бойынша қызметтер көрсету (ақпарат тарату мен насихаттауды қоспағанда);

-арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдарға (отбасыларға) көмек көрсету;

-кітапхананың қызмет көрсетуі;

-дербес білім беру ұйымдарының:

-Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген білім берудің мынадай деңгейлері: бастауыш мектеп (мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қоса алғанда), негізгі мектеп, жоғары мектеп, орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша;

-қосымша білім беру жөніндегі қызметі;

-ғылыми-техникалық, инновациялық, ғылыми-зерттеу қызметі (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда).