
Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру шарттары:
-осы Кодекске сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу;
-осы Кодекске сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу;
-осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулерді сақтау;
-арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарына және (немесе) Одақ туралы шарттың 50-бабына сәйкес белгіленген өзге де баждарға қарағанда өзгеше түрде белгіленген ішкі нарықты қорғау шараларын сақтау болып табылады.