
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық Кодексін енгізу шеңберінде арнаулы салық режимдері (тіркелген шегерімді, бөлшек салықты және басқа режимдері) жойылғанын хабарлайды.
2025 жылы арнайы салық режимдерін қолданған және 2026 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған салық төлеушілер жойылған арнайы салық режимдері бойынша салық есептілігінің нысандары қолжетімсіз екенін ескеруі қажет.
Қызметті тоқтату үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
2025 жылғы 4 тоқсанға немесе 2025 жылғы 1 жартыжылдыққа (режимге байланысты) «кезекті» түрінің белгісі бар декларация тапсыру;
- ауысу туралы
«А Оңайлатылған декларация негізінде АСР» немесе «С жалпыға бірдей белгіленген тәртіп»;
- себебі
«А ерікті түрде шешім қабылдау».
Таңдалған режимді қолданудың басталу күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі;
- қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беру;
- 2026 жылғы 1 жартыжылдықтағы тарату салық есептілігін ЖД АСР үшін ұсыну (910.00-нысан) немесе жалпы белгіленген тәртіпті қолдану кезінде 2026 жылдың 1 тоқсанына (2026 жыл үшін) салық есептілігін ұсынсын;
- қажет болған жағдайда-қызметті тоқтату үшін басқа да тиісті құжаттарды ұсыну;
Салық салудың қолданылатын режимі туралы уақтылы берілген хабарлама болмаған жағдайда қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш қабылданбайтынына назар аударамыз.