
Қазақстанда «Халық бухгалтері» акциясы жалғасуда. Аталған акция аясында жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін консультациялық қолдау көрсетіледі.
Акцияны өткізу мерзімі: 2026 жылғы 5 қаңтардан 30 маусымға дейін.
Консультациялар өткізу кестесі:
▪️ 2026 жылғы қаңтар–ақпан айларында — аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін;
▪️ 2026 жылғы наурыз айынан бастап — аптасына 2 рет.
Консультацияларды кәсіби бухгалтерлер, аудиторлар, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері жүргізеді.