«Халық бухгалтері» акциясы өтті.

«Халық бухгалтері» акциясы өтті.

2026 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласында жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъекттеріне практикалық көмек көрсетуге бағытталған «Халық бухгалтері» акциясы өтті.

Іс-шара аясында елорда тұрғындары БЖЗҚ мамандарына, кәсіби бухгалтерлерге және бейінді басқармалардың өкілдеріне тікелей сұрақ қойып, жан-жақты кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Қатысушылар тарапынан салық заңнамасындағы өзгерістер, құжаттарды дұрыс рәсімдеу және бизнестің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері ерекше қызығушылық тудырды.

«Халық бухгалтері» акциясы тұрақты түрде — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері өткізіледі.