Елордада "халық бухгалтері" акциясы өткізілді

Елордада "халық бухгалтері" акциясы өткізілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасымен Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық басқармалары жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін кеңес беру, сондай-ақ халықтың қаржылық және салықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Халық бухгалтері» акциясын тұрақты түрде өткізіп келеді.

12 қаңтар күні кәсіби бухгалтерлердің, аудиторлардың және бейінді басқармалар мамандарының қатысуымен аталған акция аясында кезекті іс-шара өтті. Қатысушыларға бухгалтерлік және салықтық есептілік мәселелері бойынша кеңестер беріліп, 2026 жылға арналған салық салу тәртібі жөнінде түсіндірмелер жасалды.

«Халық бухгалтері» акциясы тұрақты түрде — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері өткізіледі.