
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бастамасы аясында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аудандық басқармалары жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін консультациялық қолдау көрсетуге, сондай-ақ халықтың қаржылық және салықтық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған «Халықтық бухгалтер» акциясын өткізді.
Іс-шараға кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, кәсіби бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ бейінді басқармалардың мамандары тартылды.
Акцияға қатысушыларға бухгалтерлік және салықтық есептілікті дайындау және тапсыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетіліп, 2026 жылға арналған салық салудың негізгі мәселелері түсіндірілді.
«Халықтық бухгалтер» акциясын өткізу тұрақты негізде — аптасына үш рет, дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жоспарлануда.