Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2025 жылғы 20 қарашада Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ай сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу кестесіне сәйкес Камералдық мониторинг басқармасы қызметкерлерімен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер" тақырыбында түсіндірме жұмыс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру,  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.