
Бүгін, 2025 жылғы 3 желтоқсанда, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.Б. Арыстанбековамен және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Т. Ақбаевпен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.Б. Арыстанбекова мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға, Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген шектеулерді сақтау қажеттілігіне, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауына, әйелдерге қатысты кемсітушілікті болдырмауына тоқталды.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Т. Ақбаев мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормаларын сақтау бөлігінің бұзушылықтарына тоқталды.
Әдеп жөніндегі уәкілдер Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларды және Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырды.