Акцизделетiн тауарлар экспортын растау

Акцизделетiн тауарлар экспортын растау

Акцизделетін тауарлар экспортын растайтын құжаттар мыналар болып табылады:

- экспортталатын акцизделетiн тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);

- акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiсi бар тауарларға арналған декларация немесе кеден органы растаған оның көшiрмесi.

Акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргiзген кеден органының белгісі бар тауарларға арналған толық декларация экспортты растау болады;

- Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi бар тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерi.

Акцизделетiн тауарларды экспорттың кедендік рәсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесiмен әкеткен жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнің орнына тауарларды қабылдап алу-тапсыру актiсi ұсынылады;

- салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашылған Қазақстан Республикасындағы банктік шоттарына акцизделетiн тауарларды өткізуден түсетін түсімнің іс жүзінде түскенін растайтын төлем құжаттары мен банктің үзінді көшiрмесi.