Астанада салық түсімдері 857 млрд теңгеден асты

Астанада салық түсімдері 857 млрд теңгеден асты

Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінде 2025 жылдың 9 айы бойынша қызметтің қорытындысын шығару мақсатында кеңейтілген коллегия отырысы өтті.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша қалалық бюджетке 857 млрд теңге салық түсімдері түсті, бұл жоспарланған көрсеткіштен 7,8%-ға артық.
2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдер 1,2 есе немесе 115,5 млрд теңгеге өсті.
Қалалық бюджет кірістерінің өсуіне ең үлкен үлес келесі салық түрлері бойынша қамтамасыз етілді:
Әлеуметтік салық — 43,3 млрд теңге;
Табыс көзінде ұсталым салығы салынатын жеке табыс салығы — 40,5 млрд теңге;
Табыс көзінде ұсталым салығы салынбайтын жеке табыс салығы — 21,2 млрд теңге.
Бұл көрсеткіштер салық базасының оң динамикасын көрсетеді және астанада экономикалық қызметтің тұрақты өсуін дәлелдейді.  Жиналыс қорытындысында Департамент басшысы Серік Манзоров алдағы кезеңге басты міндеттерді белгіледі: салықтық бақылауды одан әрі тиімді ету, ішкі жұмыс процестерін оңтайландыру және елорда бюджетіне түсімдердің тұрақты өсуін қамтамасыз ету.