
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдан бастап көлік құралдарын салық салу тәртібі туралы хабарлайды.
Жаңа жылдан бастап жеңіл автомобильдерге салық есептеу кезінде төмендетілген коэффициенттер енгізіледі:
-пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан автомобильдерге — 0,7 коэффициенті қолданылады;
-пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан автомобильдерге — 0,5 коэффициенті қолданылады.
Фермерлік және шаруа қожалықтары бір «пикап» түріндегі көлік құралы бойынша салық төлеуден босатылады.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салықтық есептілік қысқартылады:
-көлік және жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу туралы есепті ұсыну міндеттемесі жойылады;
-салық төлеушілер тек жылдық декларацияны ғана тапсыратын болады.
Сондай-ақ, егер мүлік салығы бойынша жалпы салықтық міндеттемелердің сомасы 300 АЕК-тен аспайтын болса, ағымдағы төлемдерді есептеу жойылады. Бұл жағдайда салық төлеуші жылына бір рет декларация тапсырып, соның нәтижесі бойынша салықты төлейді.