
2025 жылғы 23 қазанда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ай сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу кестесіне сәйкес Кедендік бақылау басқармасы қызметкерлерімен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер" тақырыбында түсіндірме жұмыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Әдеп жөніндегі уәкіл Мемлекеттік кірістер комитетімен Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартымен бекітілген сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағыталған ұсынымдарға, шектеулер мен тыйымдарға тоқталды.