
2025 жылғы 21 қазанда Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында халық үшін Ашық есік күні өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жаңа нормаларын түсіндіруге арналған.
Басқарма мамандары салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді, соның ішінде:
1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салық салу тәртібі.
2. Арнайы салық режимдерін өзгерту.
3. Қосылған құн салығын реформалау .
4. Кәсіпкерлік қызметті ашу және жабу тәртібі.
5. Бюджетке салық төлемдерін төлеу мерзімі.
Азаматтар барлық сұрақтарға толық жауап алды.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халықтың салық сауаттылығын арттыру және бизнесті қолдау мақсатында осындай іс-шараларды одан әрі жүргізуді жоспарлап отыр.