
2025 жылғы 20 қазанда "Сарайшық" және Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының ғимаратында семинар өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жаңа нормаларын түсіндіруге арналған. Басқарма мамандары салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді, соның ішінде:
1. КТС бойынша базалық ставкалар.
2. Арнайы салық режимдерін қолдану шарттарының өзгеруі
3. Стандартты шегерімді 30 АЕК дейін ұлғайту
4. Арнайы режимдер санын азайту
5. Ойын автоматтары залының, тотализатордың және букмекерлік кеңсенің қызметі бойынша КТС-ты жоғары ставка бойынша есептеу және төлеу.
6. Жеке тұлғалар мен қызметкерлер үшін ЖТС
7.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін КТС ставкалары.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халықтың салық сауаттылығын арттыру және бизнесті қолдау мақсатында осындай іс-шараларды одан әрі жүргізуді жоспарлап отыр.