Астанада жаңа Салық кодексі бойынша Ашық есік күні өтті

Астанада жаңа Салық кодексі бойынша Ашық есік күні өтті

   2025 жылғы 14 қазанда "Байқоңыр" ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында халық үшін Ашық есік күні өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жаңа нормаларын түсіндіруге арналған. Басқарма мамандары салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді, соның ішінде:

1. Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер – салық мөлшерлемелері нақтыланып, кейбір салықтар алынып тасталды және әкімшілендіру шаралары жетілдірілді.
2. Корпоративтік табыс салығы (КТС) – мөлшерлеме 20% деңгейінде сақталып, жекелеген салалар үшін төмендетілген және жоғарылатылған мөлшерлемелер енгізілді.
3. Жеке табыс салығы (ЖТС) – 2026 жылдан бастап прогрессивті шкала енгізіледі.
4. Қосылған құн салығы (ҚҚС) – мөлшерлеме 12%-дан 16%-ға дейін ұлғайып, кейбір тауарлар мен қызметтерге төмендетілген мөлшерлемелер қарастырылды.
5. Арнаулы салық режимдері – жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қолдану және көшу тәртібі жеңілдетілді.
6. Көлік салығы – пайдаланылған мерзімі 10 және 20 жылдан асқан автокөліктерге салық мөлшерлемелері төмендетілді. Управлением государственных доходов по району «Нұра» проведён День открытых дверей.
В ходе проведения мероприятия были рассмотрены следующие вопросы:

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халықтың салық сауаттылығын арттыру және бизнесті қолдау мақсатында осындай іс-шараларды одан әрі жүргізуді жоспарлап отыр.