Астанада жаңа Салық кодексі бойынша Ашық есік күні өтті

Астанада жаңа Салық кодексі бойынша Ашық есік күні өтті

    2025 жылғы 13 қазанда "Байқоңыр" ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында халық үшін Ашық есік күні өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жаңа нормаларын түсіндіруге арналған. Басқарма мамандары салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді, соның ішінде:

- жергілікті салықтар бойынша өзгерістер;

- өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға салық салу шарттары және басқалар. Азаматтар барлық сұрақтарға толық жауап алды.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халықтың салық сауаттылығын арттыру және бизнесті қолдау мақсатында осындай іс-шараларды одан әрі жүргізуді жоспарлап отыр.