Шетелдік салықты есепке жатқызу

Шетелдік салықты есепке жатқызу

Резидент-салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған:

осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған;

осы Кодекстің 241-бабына сәйкес түзетілуге жататын;

шет мемлекетте осындай кірістерден шетелдік табыс салығының төлену және (немесе) ұсталу фактісіне қарамастан, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын кірістерінен есептелген шетелдік табыс салығына Қазақстан Республикасында шет мемлекетте артық төленген салық сомасы шегінде есепке жатқызу берілмейді. Бұл ретте салықтың артық төленген сомасы шетелдік табыс салығының іс жүзінде төленген сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төленуге жататын шетелдік табыс салығы сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.