Залалдарды ауыстыру

Залалдарды ауыстыру

Кәсiпкерлiк қызметтен шегілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шегілген залалдар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектілерін, орнатылмаған жабдықты өткізуден шегілген залалдар осы салықтық кезеңдердің салық салынатын кірісі есебінен өтеу үшін соңғы жылы қоса алынатын келесі он жылға ауыстырылады.

Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелгендерін қоспағанда, бақыланатын шетелдік компаниялар мен бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің салық салынатын кірісі есепті кезеңде және есепті салықтық кезеңнің алдындағы қатарынан екі алдыңғы салықтық кезеңде туындаған Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен келтірілген залалдардың сомасына азайтылады. Осы Кодекстің 223-бабында айқындалған салық салу объектілері есебінен ағымдағы және (немесе) алдыңғы кезеңдерде есепке алынған залалдар есепке алынбайды.