Кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған барлық тауарлар және оларға арналған құжаттар тауарларды жеткізу орнына жеткізілмеген кезде осы Кодекстің 230-бабында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде міндеттер орындалмаған өзге де жағдайларда, оның ішінде кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың бір бөлігі жеткізілмеген жағдайда, осы Кодекстің 230-бабында көрсетілген тұлғалар аумағында бұзушылықтар анықталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.