Салық төлеушінің (салық агентінің) іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау мақсатында салық органы жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаудың өзге нысаны салықтық зерттеп-қарау болып табылады.
Салықтық зерттеп-қарау салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында жүргізіледі.
Салықтық зерттеп-қарауды жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте айқындалған тәртіппен куәгерлер тартылады.