
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, уәкілетті экономикалық операторлар және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына иелік ететін және (немесе) оларды пайдаланатын тұлғалар кеден органдарына сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы есептілік ұсынуға міндетті.