Мүлік салығын төлеу мерзімінің аяқталуына бір айдан аз уақыт қалды

Мүлік салығын төлеу мерзімінің аяқталуына бір айдан аз уақыт қалды

1 қазан – соңғы мерзім! Мүлік салығын уақытында төлеңіз

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімінің аяқталуына жақындап қалғанын азаматтардың назарына хабарлайды. Салықты 2025 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей төлеу қажет.

Салық төлеушілер кімдер болып табылады?

Жеке тұлғалар мүлік салығын келесі меншік объектілеріне қатысты төлеуге міндетті:

-тұрғын үйлер мен пәтерлерге;

-саяжай құрылыстарына;

-гараждарға;

- басқа да ғимараттар мен құрылыстарға, үй-жайларға.

1 қазанға дейін салық төленбеген жағдайда, 2025 жылғы 2 қазаннан бастап борышкерлерге берешектің бар екендігі туралы хабарлама жіберіле бастайды.

Егер берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын болса, хабарлама жіберілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткеннен кейін қарызды мәжбүрлеп өндіру туралы бұйрық шығарылып, әр күнге өсімпұл есептеледі.

Төлеу тәсілдері:

1. «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы;

2. Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайты;

3. Электрондық үкімет порталы egov.kz;

4. Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлем жасауға болады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді жеке тұлғалардың мүлкіне салықты уақтылы төлеуді жүзеге асыруға шақырады, өсімпұлды есептеу және салық заңнамасында көзделген өзге де салдарлар сияқты мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануды болдырмау үшін.

Толығырақ ақпарат - 1414/3 нөміріне немесе @astana_mkd_dgd_astana Instagram парақшасы бойынша ала аласыз