Техникалық жұмыстарды жүргізу туралы

Техникалық жұмыстарды жүргізу туралы

Құрметті салық төлеушілер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 6 қыркүйекте сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жүйенің жұмыс қабілеттілігін арттыру мақсатында техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.

Бұл ретте, 2025 жылы 6 қыркүйекте «ЭШФ» АЖ-нің қолжетімсіздігіне байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды:

2025 жылғы 7 қыркүйектен бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;

- 2025 жылғы 8 қыркүйектен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.