2025 жылы декларация тапсыру: кіріс пен мүлік туралы декларацияны кімдер ұсынуға міндетті

2025 жылы декларация тапсыру: кіріс пен мүлік туралы декларацияны кімдер ұсынуға міндетті

Кіріс пен мүлік туралы декларация: 2025 жылғы талаптар

2025 жылы жалпыға бірдей декларациялауды енгізу шеңберінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті есепті салық кезеңінде туындайды.

2025 жылы жалпыға бірдей декларациялауды енгізу шеңберінде есепті салық кезеңіндегі кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті.

Декларация ұсынуға міндетті тұлғалар:

1. Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;

2. Банктердің, бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары;

3. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жарғылық капиталдағы үлесінің (Акционерлік қоғамдар акцияларының) 10% - дан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары;

4. Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);

5. Дара кәсіпкерліктен түсетін кірістерді қоспағанда, дербес салық салуға жататын кірістер (мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен жасалатын операциялардан түсетін кірістер; төлем көзінен салық ұсталмаған өзге де кірістер) алған адамдар;

6. Шетелдік банктердегі шоттарында 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын қаражаты бар тұлғалар;

7. Шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын);

8. Меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;

9. 2024 жылы 20 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада (2025 жылы - 78 640 000 теңге) мүлік сатып алған тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде.

Декларация тапсыру мерзімі: 2024 жылғы есепті кезең бойынша декларация 2025 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей, тұлғаның тұрғылықты жері бойынша ұсынылуы тиіс. 

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру тәсілдері:

Жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны электрондық форматта: мемлекеттік кірістер комитетінің порталы, Электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ e - Salyq Azamat, eGov Mobile, HALYK, Kaspi.kz. BCC.KZ немесе қағаз жүзінде тапсырады.

Маңызды ескерту: декларацияны уақтылы тапсырмау немесе толық емес мәліметтерді ұсыну заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.