БКМ есептен шығару

БКМ есептен шығару

 Бақылау-касса машинасын есептен шығару мынадай жағдайларда:

сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған;

бақылау-касса машинасын техникалық ақауы болуына байланысты одан әрі қолдану мүмкін болмаған;

бақылау-касса машинасы мемлекеттік тізілімнен алып тасталған;

бақылау-касса машинасының техникалық ақауы жоқ моделі бақылау-касса машинасының жаңа моделіне ауыстырылған;

ішкі істер органдарына берілген ұрланғаны туралы өтініштің көшірмесі және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған жоғалғаны туралы хабарландырудың көшірмесі болған кезде бақылау-касса машинасы ұрланған, жоғалған;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жүргізіледі.