Тауарға рұқсат құжаттарын ұсыну қажеттілігі

Тауарға рұқсат құжаттарын ұсыну қажеттілігі

Қазақстан Республикасында «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) реттеледі.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті орган және лицензиар орган болып табылады.

Заңның 1-бабының 14) тармағына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлар – қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар.

Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың тізімі «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы
9 маусымдағы №424 бұйрығымен бекітілген.

Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес Бақылау тізіміне енгізілген өзіндік ерекшелігі бар тауарлар экспорт, кері экспорт, эксаумақтық кері экспорт, импорт, транзит, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезінде өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылауына жатады.

Заңның 9-бабының 2-тармағымен Мемлекеттік кірістер органдарының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды өткізудегі құзыреті айқындалған.

Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензия негізінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында кедендік декларациялау «АСТАНА-1»
АЖ-де электрондық декларациялау арқылы жүзеге асырылады.

«АСТАНА-1» АЖ тәуекелдерді басқару жүйесінде өзіндік ерекшелігі бар тауарлар тізімінде қамтылған тауарларды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы декларациялауға және өткізуге байланысты тәуекелдер бейіні өзектендірілді.