Кәсіпкерлердің назарына: салық есептілігін ұсыну мерзімдері туралы

Кәсіпкерлердің назарына: салық есептілігін ұсыну мерзімдері туралы

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 15 тамызға дейін оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер 2025 жылғы бірінші жартыжылдықта 910.00 нысаны бойынша салық есептілігін ұсынуға міндетті екенін еске салады.

Көрсетілген мерзімде келесі салық нысандары берілуге жататынын қосымша хабарлаймыз:

Салық есептілігінің нысаны 400.00 - акциз бойынша Декларация + 421.00 құрылымдық бөлімше үшін акциз есебі

Салық есептілігінің нысаны 200.00-жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша Декларация

Салық есептілігінің нысаны 570.00 - экспортқа рента салығы бойынша Декларация

Салық есептілігінің нысаны 710.00- Ойын бизнесіне салынатын салық Декларациясы

Салық есептілігінің нысаны 860.00 -жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша Декларация

 Салық есептілігінің нысаны  910.00-шағын бизнес субъектілері үшін жартыжылдыққа арналған оңайлатылған Декларация

Салық есептілігінің нысаны 913.00-бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған Декларация

Салық есептілігінің нысаны 101.03-резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп

Астана қаласы бойынша МКД салық төлеушілерге жүйенің шамадан тыс жүктелуін және байланыс арналарымен кідірістерді болдырмау үшін декларацияны алдын ала тапсыруды ұсынады.