Кедендік төлемдер және салықтар

Кедендік төлемдер және салықтар

Кедендік төлемдерге, салықтарға:

 кедендік әкелу бажы;

 кедендік әкетубажы;

 тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде алынатын қосылған құн салығы;

 тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде алынатын акциз (акциздер);

 кедендік алымдар жатады.

 Төлеушілер, есептеу тәртібі және төлеу, есепке жатқызу (қайтару) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ төлеу бойынша жеңілдіктер:

 кедендік баждарға қатысты - Одақ туралы шартта, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында;

 тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кеден органдары алатын қосылған құн салығына және акциздерге қатысты - осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.

 Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес, бірыңғай мөлшерлемелер бойынша алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде алынатын кедендік баждар, салықтар төленуге жатады.