Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары

Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады:

қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

мемлекеттің мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

заңда белгіленген шектеулерді сақтауға, мүдделер қақтығысын болдырмауға;

азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, өз әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себеп бермеуге;

 іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға, азаматтардың алдында өздері өкілдері болып табылатын мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

лауазымдық міндеттерін атқаруға байланысты кез келген сипаттағы заңсыз уәделер бермеуге және заңсыз міндеттемелер алмауға

жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін, сондай-ақ қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүддесінде онымен байланысты мүмкіндіктерді, оның ішінде оларға өз көзқарасын насихаттау үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға

мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалануға;

қызметтік міндеттерін адал орындауға кедергі келтіретін заңсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді көздемеуге міндетті

қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тартуға міндетті.