Еркін қойма кедендік рәсімі шетелдік тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты қолданылатын кедендік рәсім болып табылады, оған сәйкес осы кедендік рәсімге тауарларды орналастыру және осындай кедендік рәсімге сәйкес оларды пайдалану шарттары сақталған кезде осындай тауарлар кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төленбей, еркін қоймаға қойылады және пайдаланылады.
Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар еркін қоймаға қойылуы және пайдаланылуы мүмкін.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары декларанттың таңдауы бойынша еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылады.