СЭҚ қатысушыларымен семинар

СЭҚ қатысушыларымен семинар

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кедендік заңнаманы сақтау, тауарларды сақтау бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар өткізді.
Кездесу барысында еркін кеден аймағында қолданылатын кедендік рәсімдердің ерекшеліктері, камералдық бақылау жүргізу тәртібі және басқа да өзекті мәселелер қаралды.
Қатысушылар барлық қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап алып, бұл ақпараттандыру деңгейінің артуына және кеден органдары мен бизнес қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.