Елорданың салық органдарына шағымдар мен ұсыныстар беруге арналған QR-код

Елорданың салық органдарына шағымдар мен  ұсыныстар беруге арналған QR-код

Кері байланыс қызметі: елорданың салық органдарына шағымдар мен

ұсыныстар беруге арналған QR-код

 

Елорданың Мемлекеттік кірістер органдары ұсынған қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылдан бастап қызметтік әдепті бұзушылықтар туралы шағым беру үшін, сондай — ақ салық органдарының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар жіберу үшін жаңа цифрлық кері байланыс құралы-QR-код енгізілді. Бұл туралы Астана қаласы бойынша МКД хабарлады.

Енді азаматтар қызметтік әдептің бұзылғаны туралы жедел хабарлай алады, сондай-ақ салықтық әкімшілендірудің тиімділігі мен ыңғайлылығын арттыруға бағытталған ұсыныстар енгізе алады.

Ол үшін QR кодын сканерлеп, сұрау жіберу жеткілікті.

QR код кері байланысуға мүмкіндік береді;

  • Елорданың Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің іс -әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым беру;
  • Әдеп бұзушылықтар туралы ықтималдықты хабарлау;
  • Қызмет көрсету сапасын және цифрлық сервистерді жақсарту бойынша ұсыныстар жіберу.

Құрметті салық төлеушілер, егер сіз әдеп жөніндегі бұзушылыққа тап болсаңыз немесе Астананың салық органдарының жұмысын жақсартуды ұсынғыңыз келсе — QR кодын сканерлеп, сұрауыңызды жіберіңіз.